Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Ғылыми жұмыс

ХАБАРЛАНДЫРУ
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының Ғылыми кеңесі хабарлайды:
ҚР БҒМ 2011 ж. 31 наурыздағы №128 бұйрығына сәйкес «Қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру ережелерінің» 7 бабы бойынша «қолдау туралы шешім қабылдағанға дейін 1 ай бұрын Ғалымдар кеңесі келесі құжаттарды орналастырады:
   1) Ғылыми атақты ізденуші туралы анықтаманы.
   2) Оның басылымдары тізімін».
Жоғарыда көрсетілгенге негізделе отырып, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ізденуші, Қазақстан Республикасы  Ұлттық ұланы Әскери институты тілдік дайындық кафедрасының бастығы филология ғылымдарының кандидаты капитан Саркенқызы Ақмаралдың құжаттарын орналастырамыз.
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
Әскери институтының ғылыми хатшысы
подполковник                                                                             Р. М. Аубакиров
2020 жылғы  «_____ » қыркүйек
ХАБАРЛАНДЫРУ
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының Ғылыми кеңесі хабарлайды:
ҚР БҒМ 2011 ж. 31 наурыздағы №128 бұйрығына сәйкес «Қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру ережелерінің» 7 бабы бойынша «қолдау туралы шешім қабылдағанға дейін 1 ай бұрын Ғалымдар кеңесі келесі құжаттарды орналастырады:
   1) Ғылыми атақты ізденуші туралы анықтаманы.
   2) Оның басылымдары тізімін».
Жоғарыда көрсетілгенге негізделе отырып, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ізденуші, Қазақстан Республикасы  Ұлттық ұланы Әскери институты тілдік дайындық кафедрасының профессоры тарих ғылымдарының кандидаты капитан Альжанова Раушан Сайранқызының құжаттарын орналастырамыз.
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
Әскери институтының ғылыми хатшысы
подполковник                                                                             Р. М. Аубакиров
2020 жылғы  «_____ » қыркүйек
 
ХАБАРЛАНДЫРУ

Ғылыми іс-шаралар кестесі

р/с
Конференция
(семинар) тақырыбы
Конференция (семинар) өткізу орны
Конференция (семинар) өткізу күні
1
2
3
4
1
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің отансүйгіштік тәрбиесіне көзқарастырының маңызы» ғылыми-теориялық семинары.
Әскери педагогика және психология кафедрасы
қараша
2019 жыл
2
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының техникалық және тылдық қамтамасыз ету жүйесін дамыту және жетілдіру перспективалары» бейнеселектор форматтағы ғылыми-теориялық семинар.
Техникалық және тылдық қамтамасыз ету кафедрасы
 
қараша
2019 жыл
3
«Арнайы операцияларды өткізудің негізгі кезеңдері және жан-жақты камтамасыз етілуі» ғылыми-теориялық семинары.
Қызметтік-жауынгерлік қолдану кафедрасы
 
ақпан
2020 жыл
4
«Ауған соғысы жауынгерлік тәжірибесінің тактикалық кимылдарының дамуына ықпалы» ғылыми-теориялық семинары.
Тактика және жалпыәскери пәндер және Қаруландыру және атыс кафедралары
ақпан
2020 жыл
5
«Ұлы Отан соғысының (1941-1945 жж.) тарихи мұрасы әскери ғылым және білім берудің дамуы контекстінде» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
Әскери-ғылыми бөлімі
наурыз
2020 жыл
6
Әскери институт курсанттарының ғылыми конференциясы. Конференция қорытындылары бойынша 3 үздік жұмыс Қазақстан Республикасы ІІМ тыңдаушылары және курсанттары арасындағы үздік ғылыми жұмыс Конкурсына қатысу үшін Қазақстан Республикасы ІІМ жолданылады.
 
Әскери-ғылыми бөлімі
наурыз
2020 жыл
8
«Әскери қызметшілерінің көзқарастарын қалыптастырудың философиялық-саясаттану негіздері» ғылыми-теориялық семинары.
Жалпы білім беру пәндер кафедрасы
сәуір
2020 жыл
7
««Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерін отансүйгіштікке тәрбиелеу негізі ретінде» ғылыми-теориялық семинары.
Тілдік дайындық және Дене дайындығы және спорт кафедралары
 
мамыр
2020 жыл
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының Ғалымдар кеңесі хабарлайды:
 ҚР БҒМ 2011 ж. 31 наурыздағы №128 бұйрығына сәйкес «Қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру ережелерінің» 7 бабы бойынша «қолдау туралы шешім қабылдағанға дейін 1 ай бұрын Ғалымдар кеңесі келесі құжаттарды орналастырады:
  1. Ғылыми атақты ізденуші туралы анықтаманы.
  2. Оның басылымдары тізімін».
Жоғарыда көрсетілгенге негізделе отырып, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ізденуші, Қазақстан Республикасы  Ұлттық ұланы Әскери институты бастығының (оқу және ғылыми жұмысы жөніндегі) орынбасары, әскери ғылымдарының кандидаты полковник Корнилов Александр Александровичтың құжаттарын орналастырамыз.
  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының ғалым хатшысы  қызметші  С. Баяхметов
2017 жылғы 25 тамыз

Әскери-ғылыми жұмыс — Әскери институт қызметінің басты бағыттарының бірі.
Жоғары оқу орынның ғылыми жұмысы сапасының деңгейі 2003 жылдан бастап анағұрлым түрде артты: – бөлім офицерлермен және қызметшілермен толық қамтамасыз етілді, сонымен қатар 50 000 баспа парақтарын басып шығару қуаты бар шағын баспаханасы іске қосылған болатын. Бөлім бастығы (ғылыми хатшысы), үш аға офицер, аға ғылыми қызметші, профессор лауазымдарымен қатар аға маман (жауапты орындаушы) және аға маман (аға технигі) сияқты үш лауазым енгізілген болатын.
Бүгінгі таңда әскери-ғылыми бөлім жоғары оқу орнында ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру бойынша жүйелі әрі түрлі жоспарлы  жұмысты жүргізіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының  жетілуі мен дамуы бойынша өзекті мәселелерді шешуіне бағыттайды.
Ғылыми кеңестен басқа профессор-оқытушылар құрамының ғылыми және кәсіби біліктіліктерін  қалыптастыруға, курсанттардың аналитикалық ойлау қабілеттері мен дүниетанымдарының дамуына ықпал ететін ғылыми-техникалық кеңес пен курсанттардың әскери-ғылыми қоғамы жұмыс жүргізеді.
Институттың ғылыми жұмысының негізгі түрлері: күрделі, іздену және қолданбалы теоретикалық зерттеулерді жүргізу; әскерлерде және институтта зертхана жағдайларында, полигондарда, зерттеу  оқу-жаттығуларында жүргізілетін теоретикалық  қорытындылар мен ережелерге  эксперименталды тексерістер жүргізу;зерттеу жұмысының нәтижелерін жалпылау және ұсыныс шығару; басты құжаттардың жобаларын әзірлеп шығаруға қатысу; диссертацияларды, әскери-теоретикалық оқулықтарды, монографияларды, мақалаларды, баяндамаларды, рецензиялар мен тұжырымдарды әзірлеу; ғылыми конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдер мен шығармашылық пікір-сайыстарды дайындап өткізу және нәтижелерін жалпылау; рационализаторлық жұмыс пен өнертапқыштық жұмысты жүргізу болып табылады.
Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамының (КӘҒҚ) жұмысы 2008 жылдың 26 қарашасында бекітілген Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамы туралы ережесіне сәйкес ұйымдастырылып жүргізіледі. КӘҒҚ мүшелері болып табылатын курсанттар жоғары оқу орындарының студентері арасында өткізілетін алуан түрлі сайыстарына белсенді қатысады. Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарының тыңдаушылары арасында өткізілетін жыл сайынғы ең үздік ғылыми жұмысы сайысында біздің курсанттар үнемі жүлделі орындарға ие болып отырады.
2011 жылдың шілдесінен бастап «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының Хабаршысы» атты ғылыми — білім беру журналы шығарыла бастады. Аталмыш журнал Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму бойынша министрліктің Байланыс, информатизация және ақпарат комитетінде тіркелген (журнал 2014 жылдың 12 желтоқсанынан қайта тіркелген, № 14996-Ж куәлігі).
Әскери-ғылыми бөлім ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінен Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орындарымен тығыз қарым қатынас орнатқан, бұл — Санкт-Петербург, Новосібір, Пермь ІІМ әскери институттары, Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ, ТЖМ, ҚМ, ҰҚК барлық ведомстволық жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттесу жүзеге асырылады.
 ӘСКЕРИ ИНСТИТУТТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫНЫҢ
НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Әскери институттың ғылыми- зерттеу жұмысы аясында негізгі мақсаттары мен міндеттері болып келесі саналады:
  • фундаменталды, іздену, қолданбалы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды және жаңашылдық енгізу іс-әрекетін жүргізу;
  • ғылыми-педагогикалық кадрлар мен оқушылардың ғылыми зерттеу және шығармашылық жұмыстарын жасау арқылы жаңа білім алу;
  • жоғары білімнің дамуының теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу мен әзірлеу;
  • ғылыми зерттеулер нәтижелерін практикалық іс-әрекетке енгізе жүзеге асыру;
  • ғылыми жұмыс жүргізу мектептерін қалыптастыру әрі дамыту, ғылыми-зерттеу жұмысына профессор-оқытушылар құрамы мен курсанттарды белсенді түрде қатыстыру;
  • заманауи білім беру технологияларын қолдана отыра, дайындықтың өзіндік технологиялары мен әдістемесін әзірлеп жүзеге асыру, білім беру үдерісін ұйымдастырып өткізу;
  • зерттеушілер мен әзірлеушілердің интеллектуалдық меншіктері мен авторлық құқықтарын қорғау;
  • курсанттарды ғылыми-зерттеу және тәжірибе-құрастырушылық жұмыстарына қатысуға тарту;
  • белсенді оқу жұмысының түрлі нысандарын жүргізу, дипломдық және курстық жұмыстарының жобаларын жасау, оқу және өндірістік тәжірибелерін өткізу;
  • оқу және ғылыми үдерістерін компьютерлендіру, бірыңғай ақпарат ортасын қалыптастыру, курсанттардың заманауи әдістерімен және ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізуді меңгеру;
  •  «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының Хабаршысы» журналын шығару.

ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ

ҒЗЖ институттың толық ставкада жұмыс істейтін барлық оқытушылары қатысуы тиіс.
Институт оқытушыларының ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары:
  • фундаментальді, ізденушілік, қосымша ғылыми зерттеушілік, тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды жүргізу және жаңашылдық әрекет;
  • оқу үдерісіне ҒЗЖ нәтижелерін енгізу.
Институт оқытушыларының ҒЗЖ жоспарлау мен қорытындысын шығару реті:
ҒЗЖ өткізу үшін бастама құжаттары ретінде зерттеу бағдарламасы немесе оқу құралы, дәріс қолжазбасының жоспар-проспектісі болып табылады.
Зерттеу бағдарламасы:
— ҒЗЖ өткізудің өзектілігі;
— зерттеу жұмысы бағытталған және республика және шет елдерде оның ғылыми жұмыс істеу жағдайлары туралы мәселені шешуге;
— зерттеудің мақсаты мен міндеттері және әдістемесі;
— ҒЗЖ негізгі кезеңдері және оны орындау мерзімдері;
— зерттеулердің ұсынылған нәтижелері және оларды енгізу бағыттарын көрсетуі тиіс.
Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері және оның жеке кезеңдерінің нәтижелері бойынша есеп беру құрастырылады.
ҒЗЖ туралы есеп кафедра отырысында қарастырылады, институт бастығының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары бекітеді.

КУРСАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ

Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамы (әрі қарай – КӘҒҚ) Қазақстан Республикасы ІІМ ІӘ Әскери институты бастығының 2008 жылғы 26 қарашасы №568 бұйырығымен бекітілген КӘҒҚ туралы Ережесі негізінде әрекет етеді.
КӘҒҚ курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу бойынша шығармашылық білімдерін, біліктіліктерін жетілдіруге арналған және де ІІМ Ішкі әскерлерінің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекет нәтижелілігін өзекті сұрақтардың шешімін табуға септігін тигізеді.
Курсанттардың зерттеу жұмыстарының мазмұны Ішкі әскерлердің дамуы, олардың іс-әрекетінің тактикасы, кафедралар мен оқу бөлімшелерінің оқу және ғылыми жұмысы, институттың бағдары мен Ішкі әскерлерге білікті мамандарды даярлау ықыласы бағыттарымен анықталуы тиіс.
КӘҒҚ өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының ғылыми, зерттеушілік, сайлаушылық және өнертабыстық жұмыстарды жүзеге асыру сұрақтары бойынша нормативтік құқықтық актілерін, Ішкі істер министрінің, Ішкі әскерлер қолбасшысы бұйырқтарын басшылыққа алады.
КӘҒҚ әскери-ғылыми үйірмелері мен оқу батальондары кеңесінен құралады.
КӘҒҚ жұмысының міндеттері
Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамының міндеттері:
1)       Ішкі әскерлерге жоғары білікті офицерлік кадрларды даярлаудағы оқу-тәрбиелеу үдерісі нәтижелілігін арттыру;
2)       оқу бағдарламасын, қызметтік-жауынгерлік және оперативті іс-әрекеттің аспектілерін терең оқу арқылы курсанттардың ой-өрісін кеңейту;
3)       өз бетімен зерттеу жұмыстың бастапқы дағдыларды дарыту, фактілерді сыни тұрғыдан саралау және оларды талдап қорыту қабілетін дамыту;
4)    жеке құрамды оқыту, қарулануды, әскери техника мен оқу-материалдық базаны жетілдірудің қызметтік шеберлігін арттыру аясында өнертабыстық және өнертапқыштық жұмысты дамыту;
5)    қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттің, оперативті (әскери) дайындық, жан-жақты қамтамасыз ету, жеке құрамды тәрбиелеу, әскери тәртіпті нығайту, КӘҒҚ жұмысын ұйымдастырудағы озық тәжірибелерді үйрену, жалпылау және тарату;
6)    магистратура мен адъюнктурада әрі қарай оқуларын жалғастыра алатын ғылыми жұмыста өзін-өзі көрсеткен талантты курсанттарды таңдау, ғылыми-педагогикалық кадрлар резервін даярлау;
7)    әскери-ғылыми, әскери-техникалық және педагогикалық білімдерді көпшілікке тарату, сонымен қоса әскери-патриоттық жұмысты жүргізу;
8)    институттың профессор-оқытушылар құрамының ғылыми потенциалын көтеруге жағдай жасау.

 КӘҒҚ жұмысының формалары

Курсанттардың ғылыми-зерттеушілік жұмысы келесі формаларада өткізіледі:
1)    ғылыми баяндамалар мен рефераттарды даярлау;
2)    ғылыми хабарламаларға аңдатпа, рецензия және сөз сөйлеу мәтіндерін құру;
3)    кезеңдік басылымда шығарылатын мақалаларды талқылау;
4)    әскери институттың ғылыми іс-әрекетінің жоспары бойынша әскери институт кафедралардың орындайтын ғылыми-зерттеушілік жұмысына қатысу;
5)    сайлау және өнертабыстық жұмысқа қатысу;
6)    әскерлер іс-әрекетінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін зерделеу және жинақтап қорыту;
7)    ғылым күні мен аптасын өткізу;
8)    ведомстволық, ЖОО арасындағы, өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми конференцияларға, студенттер, курсанттар мен ЖОО ішіндегі тыңдаушылар арасындағы үздік ғылыми жұмыс байқауына қатысу;
9)    оқу пәндері бойынша үздік білімдерін анықтайтын олимпиадалар мен викториналарды өткізу
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ ХАБАРШЫСЫ» ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ЖУРНАЛЫН Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты шығарады. Есепке алу туралы №14996-Ж куәлікті 2014 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі берген.
ISSN 2223-5809. Шығу жүйелілігі тоқсанына 1 рет.
Журналдың айдары:
Ұлттық қауіпсіздік теориясы.
Тарих. Тактикалық және жедел өнер.
Техника және қару-жарақ. Әскери тыл.
Білім беру теориясы мен әдістемесі.
Бас редактор
Б.С. Әбжанов, саясат ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Әскери институтының бастығы, генерал-майор.
Бас редактордың орынбасары
А. А. Корнилов, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Әскери институты бастығының орынбасары (оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі), әскери ғылымдарының кандидаты, доцент, полковник.
Жауапты хатшы
С. УҮ Баяхметов, әскери-ғылыми бөлімнің бастығы (ғылыми хатшы), философия докторы (РhD).
Шығару үшін жауапты
А. Е.Әбілмәжінова, әскери-ғылыми бөлімнің аға офицері, подполковник.
Редакциялық алқа:
Ж. Х.Ахметов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті Ұлттық ұлан факультетінің бастығы, әскери ғылымдарының докторы, профессор, генерал-майор.
А.А. Корабельников, Ресей Федерациясы Әскери ғылымдар академиясының бас ғылыми хатшысы, әскери ғылымдарының докторы, профессор, полковник.
В.М. Булойчик, «Беларусь Республикасының Әскери академиясы» ОБ әскери іс-қимылдарды модельдеу ғылыми-зерттеу орталығының бастығы, техника ғылымдарының докторы, профессор, полковник.
Н.В. Карпиленя, «Беларусь Республикасының Әскери академиясы» ОБ әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры, әскери ғылымдарының докторы, профессор.
М.О. Серікпаев, Қазақстан Республикасы Әскери ғылымдар академиясының вице-президенті, тарих ғылымдарының докторы, доцент, полковник.
Петрусевич А. А., Ресей Федерациясы Омск мемлекеттік педагогикалық университеті педагогика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Ж.Н. Сартаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты әскери педагогика және психология кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
А. Ж. Мурзалинова, педагогика жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» ұлттық біліктілігін арттыру орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Қ.Е. Қоспанова, әскери-ғылыми бөлімнің аға маманы (жауапты орындаушы), сержант.
АВТОРЛАРҒА ҚОЛЖАЗБАНЫ РЕСІМДЕУ ЖӨНІНДЕГІ БАСШЫЛЫҚ
  1. Мақалалар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде көлемі 7 беттен асырылмай жарияланады. Мақаланың тақырыбы журналдың бір айдарына сәйкес болу керек. Авторлық мәтіннің проценті (антиплагиат-жүйесінің тексеруі) кемінде 75 %. Мақала редакциялық алқаға электронды және басып шығарылған түрде бір данада ұсынылады.
Ғылыми мақалаға:
—   кафедра отырысының ғылыми мақаланы жариялауға ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
—   екі ғалым мен маманның мақаланың тематикасы (ғылым кандидаттарынан, Phd докторларынан басқа) бойынша рецензиялары;
—   мақаланы ашық баспада жариялау туралы сараптамалық қорытынды қосаберіледі. 
  1. Мақаланың ресімделуі мынадай талаптарға сәйкес болу керек: мәтіннің пішімі – MSWord (*.doc; *.docx); беттің пішімі – А4 (210*297 мм); ауданы – барлық жағынан 2 см; қаріп: көлемі (кегль) – 14; үлгісі – TimesNewRoman; абзацтың бірінші жолының шегінуі – 1,25 см; мәтіннің ені бойынша теңестірілуі, жоларалық қашықтық – 1. Бірінші бетте сол жақжоғарғы бұрышта ӘОЖ орналасады. ӘОЖ индексінен кейін – авторлар туралы мәліметтер: барлық авторлардың тегі, аты, әкесініңаты, ұйымның толық атауы – жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы; автордың электронды поштасының мекенжайы. Мақаланың тақырыбы үлкен әріппен ортасына орналасады. Аңдатпа мен кілтті сөздерден кейін – мақаланың мәтіні; мақала мәтінінен кейін – мақалада сілтеме жасалған әдебиеттің тізімі (оның болуы міндетті) төрт бұрыш жақшада, МЕМСТ 7.1-2003 сәйкес ресімделген. Әдебиет тізімінен кейін ағылшын және орыс (немесе қазақ) тіліндегі түйіндеме орналасады.
  2. Суреттер мен кестелердің атауы және нөмірі МЕМСТ 7.1-2003 сәйкес ресімделеді.
Мақалалар  электронды мекенжайы немесе: 150009, Петропавл қ., Ж. Қизатов көшесі, 6. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты, Әскери-ғылыми бөлім мекенжайы бойынша жіберілсін. 
Барлық ниет білдіргендерге ынтымақтастық жасауды және өздерінің ғылыми мақалаларын «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Әскери институтының хабаршысы» ғылыми-білім беру журналында жариялауды ұсынамыз.
 БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ:
150009, Петропавл қ., Ж. Қизатов көш., 6,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты.
Әскери-ғылыми бөлім.
Телефон: (8 7152) 50-11-62,
Тел./факс: (8 7152) 47-58-03;
Е-mail:
Журнал жылына 4 рет шығады
 
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ ХАБАРШЫСЫ» ЖУРНАЛЫНЫҢ РЕДАКЦИЯСЫ РЕДАКЦИЯЛЫҚ-БАСПА ҮДЕРІСІНІҢ БАРЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУҒА ТАЛПЫНАДЫ
 
Редакцияның әдеп нормалары 
Журналдың әр шығарылымында және сайтта авторлар үшін ақпарат жарияланады, онда мақалаларға қойылатын талаптар мен «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Әскери институтының хабаршысы» журналында жариялау шарттары көрсетілген. Талаптар барлық авторлар үшін бірдей.
Редакция, егер сапасы төмен немесе журналдың тематикасына сәйкес емес деп таныса не авторлар журналдың әдеп ережелерін сақтамаса тәуелсіз рецензиялау өткізгенге дейін материалдан бас тартуға құқылы.
Мақалада қателер табылған кезде авторға қысқа мерзімде тиісті түзетулер енгізу мүмкіндігі ұсынылады.
Алдын ала сараптама үдерісінде мақұлданған әр мақала рецензияланады. Рецензенттердің ұсыныстары мақаланы жариялау туралы соңғы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.
 Материалдарды журналда жариялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы соңғы шешімді журналдың саясаты мен әдеп нормаларын, қолданыстағы авторлық құқық саласындағы  заңнаманы басшылыққа ала отырып, редакциялық алқа қабылдайды.
Редакциялық алқа мүшелерінде жеке журналда жариялау мүмкіндігі бар, бірақ журналдың редакциялық алқа мүшелері жазған мақалаларды пысықтауға қатысты саясаты бойынша олар өз жағдайын пайдалана алмайды. Журналда осы жағдайда рецензиялау үдерісіне ықпал ету мүмкіндігін болдырмауға кепілдік беретін редакциялық алқа мүшелерінің ұсынымдарын қарау тәртібі айқындалған.
Редакция мәтіннің, автордың идеясы мен деректерінің плагиатына жол бермейді. Бұған дейін мақала, монография, диссертациялар, диссертациялардың авторефераттарф, патенттер, ғылыми есептер және т.б. түрінде жарияланған материалдың плагиаты белгілері бар мақалалар жарияланбайды.
Редакция қолжазбаларды тек олардың ғылыми мазмұны бойынша, қолданыстағы заңнама нормаларын ескере отырып, авторлардың дербес деректері, саяси және діни көзқарастары туралы ақпаратқа қарамай бағалайды.
Мақала жарыққа шыққанға дейін редакция авторлардан басқа ешкімге материалдың журналдағы мәртебесі туралы хабарламайды.
 Редакцияның барлық қызметкерлері тиісті авторлардан, рецензенттерден, басқа редакциялық кеңесшілерден басқа ешкімге ұсынылған жұмыстар туралы ақпаратты ашпайды. Редакциялау барысында алынған ақпарат немесе идеялар құпия болып табылады.
Автор мен рецензенттің мүдделі қақтығысқан жағдайда қолжазба қарау үшін басқа рецензентке беріледі. Егер мүдделердің бәсекелестігі мақала жарияланғаннан кейін анықталса, редакция түзетулердің жариялануын қамтамасыз етуге міндеттеледі.
Ұсынылған қолжазбаға немесе жарияланған мақалаға қатысты әдеп шағымы берілген жағдайда журналдың редакциясы сауатты жауап беру шараларын қабылдауға міндеттеледі. Егер жарияланымдар әдебінің бұзылу фактілері расталса, тиісті түзетулер, жоққа шығарулар немесе кешірімдер журнал беттеріне немесе сайтқа орналастырылады.
 
Жариялым авторының әдеп нормалары
Авторлар (немесе авторлар ұжымы) ғылыми журналға материал беру кезінде ғылыми зерттеу нәтижелерінің жаңашылдығы мен дәйектілігі үшін жауапты болады, бұл мынадай қағидаттардың сақталуын болжайды:
Мақала авторлары жүргізілген зерттеулердің дәйекті нәтижелерін ұсыну керек. Көрінеу қате немесе бұрмаланған пікірлер тиімсіз.
 Авторлар ұсынылған қолжазбада мазмұндалған зерттеу нәтижелері толығымен түпнұсқа екендігіне кепілдікберу керек. Бір жерден алынған бөліктер немесе растаулар міндетті түрде авторы мен бастапқы көзі көрсетіліп ресімделу керек. Аса көп шеттен алулар, сондай-ақ кез-келген нысандағы, оның ішінде ресімделмеген цитаталар, бөтен зерттеулердің нәтижелерін өзгертіп айту немесе құқықтарын иелену әдепсізжәне тиімсіз. Сілтемесіз шеттен алулардың болуын редакциялық алқа плагиат ретінде қарайтын болады.
Авторлар қолжазбада тек түпнұсқа деректер мен мәліметтер келтіру; басқа зерттеушілер эксперименттерді тексеру мен қайталау үшін қажетті ақпарат санын келтіру; ашық жазбаша рұқсатсыз жеке тәртіппен алынған ақпаратты пайдаланбау; деректердің ойдан шығарылуына және бұрмалануына жол бермеу керек.
Жарияланымдардың қайталануына жол берілмесін (ілеспе хатта автор жұмыс алғаш рет жарияланатынын көрсету керек). Егер қолжазбаның жекелеген элементтері бұрын жарияланса, автор бұрынға жұмысқа сілтеме жасау және жаңа жұмыстың бұрынғыдан айырмашылығын көрсету керек.
Авторлар журналға басқа журналға жіберілген және қарауда жатқан қолжазбаны, сондай-ақ басқа журналда жарияланған мақаланы ұсынбау керек.
 Зерттеу барысына қалай да әсер еткен барлық адамдардың үлесін мойындау керек, атап айтқанда мақалада зерттеу жүргізу кезінде маңызыболған жұмыстарға сілтеме жасалу керек.
Авторлар үшінші адамдардың зерттеулеріне қатысты сынмен немесе ескертумен сөз сөйлегенде әдеп нормаларын сақтау керек.
Мақаланың  серіктес авторлары ретінде зерттеу жүргізуге елеулі үлес қосқан барлық адамдар көрсетілу керек. Серіктес авторлар арасында зерттеуге қатыспаған адамдарды көрсетуге жол берілмейді.
Авторлар редациялық алқа мен рецензенттердің жұмысына құрметпен қарау және көрсетілген кемшіліктерді жою немесе оларды дәлелді түсіндіру керек.
Егер автор мақаланы қарау кезеңінде немесе оны жариялағаннан кейін онда елеулі қателер немесе нақты келмеулер тапса, дереу ол туралы журналдың редакциясына хабарлау керек.
Авторлар редакциялық алқаға немесе басып шығарушыға бастапқы мақаланың дұрыстығының дәлелдері ұсыну не егер олар туралы редакциялық алқа мен басып шығарушыға үшінші адамнан мәлім болса, елеулі қателерді түзеу керек.
 
ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРДЫ РЕЦЕНЗИЯЛАУ ТӘРТІБІ
Жариялау үшін редакцияға түсетін мақалалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Әскери институтының хабаршысы» баспасында міндетті түрде рецензиядан өтеді.
  1. Журналдарға келіп түсетін барлық мақалалар міндетті реценциялауға жатады.
1.1. Авторлық материалдарды ұсыну және жариялау қағидаларына есепке алынбай ресімделген және авторлар туралы байланыс ақпараты мазмұндалмаған қолжазбалар қаралмайды.
  1. Рецензиялау үдерісіне мынадай кезеңдер кіреді:
2.1. Шығарушы редактор мақаланың ресімдеу қағидалары мен журналдың бейіміне сәйкестігін тексереді. Бұдан әрі мақала ғылыми мамандығы ғылыми мақала тематикасына аса жақын ғылым кандидатына немесе докторына рецензиялауға жіберіледі.
2.2. Мақаланы рецензиялау мерзімі нақты жағдайға қарай өзгеруі мүмкін.
2.3. Рецензияларды редакциялық алқасы талқылайды және қолжазбаларды қабылдау немесе бас тарту үшін негіз болады. Рецензияға маман тегін, аты мен әкесінің атын ашып жазып, күнін қойып, ғылыми дәрежесін, ғылыми атағын және рецензенттің атқаратын лауазымын көрсетіп қолын қояды. Редакцияға жолданатын мақалаға жолдаушы ұйымның бастығы (орынбасары) қолын қойған хат ілесуі мүмкін.
2.4. Мақала рецезентке авторлар туралы қандайда бір мәліметтер көрсетілмей беріледі. Рецензия ғылыми мақаланы әділ бағалау және оның ғылыми және әдістемелік ерекшеліктері мен кемшіліктерінің жан-жақты талдауы мазмұндалу керек. Рецензия еркін нысанда жасалады.
2.5.Рецензияның мазмұны мынадай негізгі ережелерді көрсету керек:
—   ұсынылған мақаланың өзектілігі. Осы бөлімге міндетті (проблеманы) қою және шешу қажеттілігін туындатқан шарттардың қысқаша негіздемесі кіреді;
—   мақалада қаралатын зерттеу бағытының ғылыми жаңашылдығы. Мұнда автор алған жаңа ғылыми нәтиженің қысқаша бейнеленуі (ол не дәлелдеді, алды, анықтады, айқындады, ұсынды және т.б.) көрсетілу керек;
—   проблема (міндет) қоюдың немесе алынған нәтижелердің теория мен практиканы қаралатын білім саласында бұдан әрі дамыту үшін қою маңыздылығы. Осы бөлімде зерттелетін білім саласында дамыту нақты не алатындығы және бұны қалай қолдану мен практикаға енгізу мүмкіндіктері көрсетілген болу керек;
—   материалдарды зерттеу мен статистикалық өңдеу әдістерінің барабарлығы және заманауилығы;
—   зерттеу материалының жеткіліктігі;
—   алынған нәтижелерді талқылау әдептілігі;
—   мақсат қорытындыларының зерттеу міндеттеріне сәйкестігі;
—   әдебиет көздерін пысықтау сапасы (әдебиет тізімі);
—   қолжазба көлемінің тұтас және оның жекелеген элементтерінің (мәтін, кесте, иллюстративті материал, кітапханалық сілтеме) жол берілуі;
—   мақалада кестелер, иллюстратив материал орналастырудың мақсатқа сай және мазмұндалатын тақырыпқа сәйкес болуы;
—   мақаланың ресімделу сапасы: стиль, терминология, жазылуы.
2.6. Рецензияның қорытынды бөліміндетұтас қолжазбатуралы негізделген қорытынды мен оны журналда жариялаудың мақсатқа сай болуы әлде оны пысықтау қажеттігі туралы нақты ұсыныс мазмұндалу керек. Қолжазба тұтастай теріс бағаланған жағдайда (жариялаудың мақсатқа сай еместігі туралы ұсыныс) рецензент өз қорытындысын түсіндіру керек.
2.7. Рецензиялау нәтижелері бойынша мақаладан бастартылу немесе авторға пысықтауға қайтарылуы мүмкін.
  1. Мынадай:
—   редакцияның талаптарына сәйкес ресімделмеген, авторлары мақалаларды техникалық пысықтаудан бас тартқан мақалалар;
—   рецензенттің конструктивті ескертулерін орындамаған немесе оны дәлелдеп жоққа шығармайтын авторлардың мақалаларды жариялауға жол берілмейді;
—   рецензент жариялауға ұсынбаған мақала қайта қарауға қабылданбайды.
  1. Жариялауға қабылданған, бірақ пысықтауды қажет ететін мақала рецензент пен редактордың ескертулерімен бірге авторларға жіберіледі. Авторлар қолжазбаның соңғы нұсқасына барлық қажетті түзетулерді енгізу және түзетілген мәтінді – оның сәйкес электронды нұсқасын редакцияға қайтару керек. Пысықтағаннан кейін мақала қайта рецензияланады және редакция жариялау мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды. Авторларға түзету үшін жіберілген мақалалар алынғаннан кейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірілмей редакцияға қайтарылу керек. Мақаланы аса кеш мерзімде қайтару жариялау күнін өзгертеді.
  2. Егер мақала жариялауға қабылданса:
—   журналдың редакциясы басып шығаруға қабылданбаған қолжазбаларды сақтамайды. Рецезенттен теріс нәтиже алған қолжазбалар жарияланбайды және авторға қайтарылмайды. Автордың мақаласын қабылдау және оны журнал нөмірлерінің бірінде жариялау туралы соңғы шешім журналдың редакциялық алқасының отырысында қабылданады.
  1. Мақаланы жариялауға жіберу туралы оң шешім қабылданған жағдайда редакция ол туралы авторға хабарлайды және жариялау мерзімін көрсетеді.
  2. Рецензиялағаннан кейін жариялаудың мақсатқа сай болуы туралы соңғы шешімді редакциялық алқа қабылдайды.
  3. Редакторлар қолжазбаға қатысты ақпаратты (оның алынғаны, мазмұны, рецензиялау үдерісі, рецензенттердің сыни ескертулері мен соңғы шешім туралы мәліметтерді қоса) авторлардың өздері мен рецезенттерден басқа ешкімге хабарламайды.
  4. Рецензенттерге өз қажеттіктері үшін қолжазбалардың көшірмесін жасауға рұқсат етілмейді және редакторлардың рұқсатынсыз қолжазбаның бір бөлігін басқа адамға рецензиялауға беруге тыйым салынады. Рецензенттерде, сондай-ақ редакцияның қызметкерлерінде жарияланғанға дейін жұмыстың мазмұүны туралы білімін өзінің жеке мүддесінде пайдалану құқығы жоқ. Қолжазбалар авторлардың жеке меншігі болып табылады және таратуға жатпайтын мәліметтерге жатады.
  5. Егер мақаланы жариялау кімде-кімнің авторлық құқықтарын және жалпыға ортақ ғылыми әдепті бұзуға алып келсе, онда редакция жарияланған мақаланы алуға құқылы.
  6. Редакцияның түпнұсқалары, оның ішінде сұрау бойынша құзыретті органдарға ұсыну үшін «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Әскери институтының хабаршысы» журналының редакциясында сақталады.
  7. Рецензиялар сараптамалық кеңестердің сұраулары бойынша ұсынылуы мүмкін.

Добавить комментарий

© 2018 Frontier Theme