Қазақстан Республикасы
Ұлттық ұланы Әскери институтының бастығы
генерал-майор
Әбжанов Бауыржан Садықұлы 00

1968 жылы 10 сәуірде Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола) Еңбекшілдер ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген.
001990 жылы КСРО ІІМ Новосибирск жоғары әскери командалық училищесін, 1998 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны үздік, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының академиясын, 2013 жылы Мәскеу қаласында үздік бітірді.
00Взвод командирінен бастап өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысына дейін офицерлік мансабының барлық сатыларынан өтті. Әскери институтқа тағайындалғанға дейін 2016-2018 жылдары ҚР Ұлттық ұланы Әскери Кеңесінің хатшысы-инспекторлық – талдау басқармасының бастығы болды.
00Генерал-майор Б.С.Әбжанов саяси ғылымдарының кандидаты. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
|
Штаб бастығы — Әскери институт бастығының
бірінші орынбасары
полковник
Сағындықов Ілияс Ниязұлы
00 1975 жылы 09 наурызда Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы Сырдария қаласында дүниеге келген.
001996 жылы Өзбекстан Республикасы ІІМ Ташкент жоғары әскери-техникалық училищесін бітірген. Офицерлік мансабын 7543 әскери бөлімінің (Ташкент қ.) байланыс торабы взводының командирі, взвод командирі және осы бөлімнің жеке құрамымен жұмыс жөніндегі құрметті қарауыл ротасы командирінің орынбасары болып бастады.
001998 жылы Тәуелсіз Қазақстанның Ішкі әскерлерінде командалық және басқару құрам лауазымдарында, тактикалық буында взвод командирінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы жауынгерлік даярлық Бас басқармасының бастығына дейін қызметін жалғастырды.
002005 жылы Ұлттық қорғаныс университетін (Щучинск қ.) бітірді. 2016 жылдан бастап Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының тыңдаушысы болды. Қазақстан Республикасының ведомстволық және мерейтойлық наградаларымен марапатталған.
004 қыз тәрбиелеп отыр.
|
Әскери институт бастығының орынбасары
(оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі)
полковник
Корнилов Александр Александрович00
06 наурыз 1977 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында туған.
1998 жылы Алматы Жоғары шекара командалық училищесін аяқтаған. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін аяқтаған.
Әскери ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент).
Әр түрлі жылдары Әскери институтта және Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде взвод командирі, курстық офицер, курс бастығы, оқу батальоны командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары, оқытушы, аға оқытушы, кафедра бастығы болып қызмет атқарған.
Қазақстан Республикасы Әскери ғылымдары Академиясының мүше-корреспонденті болып сайланған.
Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отыр.
|
Әскери институт бастығының орынбасары
(тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі)
полковник
Укубаев Ануар Жекебайұлы

001980 жылы 26 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген.
002001 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштер Академиясын бітірді. Офицерлік мансабын КСРО ІІМ Ішкі әскерлерінің арнайы бөлімдерінің Мәскеу дивизиясында взвод командирі, кейін рота командирінің саяси бөлім бойынша орынбасары болып бастаған.
001992 жылдан бастап Тәуелсіз Қазақстанның Ішкі әскерлерінде командалық және басқару құрамы лауазымдарында, тактикалық буында: рота командирінің Т және ӘҚЖ жөніндегі орынбасарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Т және ӘҚЖ Бас басқармасының бастығына дейін әскери қызметін жалғастырды.
002012 жылы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери университетін үздік бітірді. Әскери институтқа тағайындалғанға дейін 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары болды. «Шекараның және жергілікті қақтығыстардың Тәжік-Ауған аумағындағы ТМД сыртқы шекараларын күзетуге қатысушы-ардагерлер одағы» РҚБ мүшесі.
Қазақстан Республикасының ведомстволық және мерейтойлық наградаларымен марапатталған. Ұлты-қазақ. Үйленген. Төрт қыз тәрбиелеуде.
|
Әскери институт бастығының орынбасары
(техника және қару-жарақ жөніндегі)
полковник
Жуков Алексей Николаевич

00 1970 жылы 23 сәуірде Павлодар облысының Ақсу кентінде дүниеге келген. 2008 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Офицерлік мансабын 6654 әскери бөлімінің автокөлік ротасы взводының командирі болып бастады. 1993 жылдан бастап взвод командирінен техника және қару-жарақ жөніндегі өңірлік қолбасшылық қолбасшысының орынбасарына дейін басшылық лауазымдарды атқарды. 2020 жылы Санкт-Петербург қаласындағы Ресей Федерациясы Қарулы күштердің Материалдық техникалық қамтамасыз ету Әскери академиясын бітірді. 2021 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Әскери институт бастығының орынбасары (техника және қару-жарақ жөніндегі) болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасының ведомстволық және мерейтойлық наградаларымен марапатталған. Ұлты-орыс. Үйленген. Екі қыз бен ұл тәрбиелеп отыр.
|
Әскери институт бастығының орынбасары (тыл жөніндегі)
подполковник
Исламов Тахир Заирұлы
1984 жылы 4 мамырда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында дүниеге келген. 2005 жылы ҚР ІІМ Ішкі Әскерлері жоғары әскери училищесін «Әскерлерді тылдық қамтамасыз етудің командалық тактикасы» мамандығы бойынша және 2020 жылы Мәскеу қаласындағы РФ ҚМ Әскери университетін үздік бітірген.
Офицерлік мансабын ҚР ІІМ Ішкі Әскері училищесінің МТҚР тылдық қамтамасыз ету взводының командирі болып бастады. 2006 жылдан 2007 жылға дейін Алматы қаласында 7552 ә/б киім-кешек қызметінің бастығы болып қызмет атқарды. 2008 жылы Алматы қаласы 5571 ә/б бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылдан 2018 жылға дейін Астана қаласында 3660 ә/б командирі болып қызмет атқарды. 2020 жылдың 29 шілдесінен 17 қазанына дейін Алматы қаласы «Оңтүстік» ӨңҚ Тыл басқармасының бастығы болды. 2020 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін әскери институт бастығының орынбасары (тыл жөніндегі) болып табылады. Үйленген, ұл тәрбиелеп отыр.
|
|